«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР ТАҒЫЛЫМДЫ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

«AMANAT» партиясы және Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжі ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Мұғалжар ауданының белгілі журналисі, ардақты ардагер Кемер Мұқанбетолла Мұрабайұлына құрмет көрсетілді.

Игі шара барысында колледждің белсенді студенттері ардагердің тұрғын үйінің ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Студент жастар аула аумағын қоқыстан тазартып, шөп-шаламдарды жинау жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама – өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметін, еңбекке деген жауапкершілігін және ұлттық құндылықтарға деген жанашырлығын танытатын тағылымды шаралардың бірі болды.
Шара барысында ұйымдастырушылар ардагер журналистің ауданның рухани-мәдени дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, жастарды елге қызмет еткен азаматтарды құрметтеуге шақырды. Өз кезегінде Кемер Мұқанбетолла Мұрабайұлы жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттерді дәріптеуге бағытталмақ.

Ұқсас ақпараттар

1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

admin_mugalzhar

Ауылдағы кәсіпкерлерге грант беріледі

admin_mugalzhar

«PRESTIGE» CӘНГЕРЛЕРІ

admin_mugalzhar