«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Владимир Путин Астанаға келді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Астана әуежайында Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды.

ҚР Әуе қорғанысы күштері Ресей президенті ұшағын ел шекарасынан күтіп алып, Астана әуежайына дейін сүйемелдеп әкелді.

Мемлекеттік сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеді.

Жас өрендер Қазақстан мен Ресейдің жалаушаларын желбіретіп, қошемет көрсетті.

Елорданың Оқушылар сарайының өнерпаздары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін, орыс халық шығармаларын орындады.

Ресей Президенті құрамында 30-дан астам адам бар үлкен делегациямен келді. Олардың қатарында министрлер мен ірі компаниялардың басшылары бар.

Еске сала кетсек, 27-29 мамыр күндері Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Мемлекеттер басшылары бұл сапарда Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларыны қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады.

Бүгін «Еgemen Qazaqstan» газетінде РФ Президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланған еді. В.Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтып, өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға ресейліктердің құрметі ерекше екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

СЕН ҚАЙДА ОЙНАП ЖҮРСІҢ, АУЫЛ БАЛАСЫ?

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ: ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІ ҚОСЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar