«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы барлық салада сенімді түрде дамып келеді — Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығында ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жаңа ғана шағын құрамдағы келіссөздер өтіп, өзара ынтымақтастықтың күн тәртібінде проблема жоқ екені нақтыланды. Бұл өз кезегінде, жұмыс форматындағы бірлескен іс-қимылдың нәтижесі. Қол қойылатын немесе бекітілуі тиіс негізгі келісімдердің тиісті деңгейде дайындалғанын растаймыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Қазақстанға сапарын екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын білдіретінін, Қазақстан үшін Ресеймен достық әрі тығыз қарым-қатынастың маңызы зор екенін атап өтті.

— Осы ынтымақтастықтың маңызын сіз де және біз де жақсы түсінеміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салаларда сенімді түрде дамып келеді және мемлекетаралық қарым-қатынастың үлгісі ретінде танылып отыр. Жоғарыда айтып өткенімдей, шағын құрамда сәтті келіссөздер жүргіздік, — деді Қазақстан Президенті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар электронды құжаттарды әуежайлар мен вокзалдарда көрсете алады

admin_mugalzhar

АУДАН СПОРТЫНЫҢ БӘСІ БИІК

admin_mugalzhar

Облыс әкімі Асхат Шахаров ақтөбелік түлектерге сәт-сапар тіледі

admin_mugalzhar