Бүгінде ауданда спортпен айналысамын деген жанға мүмкіндік бар. Жаңа нысандар бой көтеріп, спорттың түрлері көбейіп, көпке қолжетімді болып келеді. Осының нәтижесінде аудан намысын қорғап, ел атынан дүбірлі додаларға қатысып, туымызды көкке көтеріп жүрген спортшылардың қатары да көбеюде. Газетімізде олар туралы мақалалар легі тұрақты жарияланып тұрады. Ал енді жалпы аудан спортының жай-күйі қалай? Спортқа жақын мұғалжарлықтар үшін қандай мүмкіндіктер бар? Бұл туралы бүгінгі мақалада тоқталамыз…
126 спорттық нысан бар
Аудан аумағында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 126 спорттық нысан бар. Сонымен бірге аудандағы түрлі әлеуметтік нысандар спортзалмен жабдықталған. Ағымдағы жылы Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық, Талдысай ауылдық округіндегі Енбек ауылдарында шілде айында жаңа көпфункционалды спорт алаңдарының құрылысы басталды. Енбек ауылдық округі Сағашилі ауылындағы ангар типті спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.
30 мыңнан астам мұғалжарлық спортқа жақын
Аудандық спорт бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылғы статистикалық деректерге сәйкес ауданда 30145 адам спортпен шұғылданады. Бұл — аудан тұрғындарының 46 пайызын құрайды.
—Аудандағы білім беру мекемелерінде 2023-2024 оқу жылында 12660 оқушы оқыды. Оқушылардың 7345-і түрлі дене шынықтыру ұжымдарында спортпен шұғылданды. Спорт саласының маңызды бағыттарының бірі — студенттік спортты дамыту болып табылады. Бүгінде аудандағы 3 арнаулы оқу орындарында 725 студент жас түрлі спорт секцияларына барады. Ал кәсіпорындар мен мекемелерде, ұйымдарда және ауылшаруашылық құрылымдарында 15488 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Сонымен қатар қызығушылықтары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубында 1148 бала спортпен айналысады, — деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұржайық Сәрсен.
Олардың ішінде Қандыағаш, Ембі және Жем қалаларындағы 3 аула клубында 578 бала, Қандыағаш және Ембі қаласындағы «Ақтөбе» ФК филиалдарында 90 бала, SD-Family жеке жасөспірімдер футбол клубында 45 бала қамтылған. Аудан орталығындағы «QYRAN» және Realsport спорт клубтары мемлекеттік тапсырысқа сәйкес спорттық бағдарлама арқылы жұмыс жасайды. Бүгінгі уақытта «QYRAN» күрес клубында 80 бала спортпен шұғылданса, real-sport клубында 355 бала спортқа тартылған. Сонымен қатар балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінде 2783 оқушы спортпен айналысады.
574 түрлі спорт секциялары жұмыс жасайды
Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданы бойынша 574 спорт секциясында 10079 адам спортпен шұғылданады. Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, спорт секцияларына баратын және спортпен айналысатындардың саны біршама жоғарлаған. Оған мұғалжарлықтар санының артуы мен ағымдағы жылы мектеп оқушылары санының көбеюуі себеп болып отыр. Атап айтар болсақ, ауылдық жерде 186 спорт секциясы бойынша 3168 адам спортпен айналысады.
Осы спортқа жақын жандарды жаттықтырып, спортқа шақыратын жандар – ол жаттықтырушылар мен оқытушылар. Қазіргі таңда аудан бойынша жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылардың саны 221 адам. Оның 66-сы ауылдық жердегі мектептер мен спорт секцияларында сабақ береді. Штаттағы жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар саны 40 болса, оның үшеуі ауылдық жерлерде еңбек етуде.
Сондай-ақ Олимпиада ойындары бағдарламасына кірген спорт түрлері бойынша 319 спорт секциясында 5640 адам спортпен шұғылданады. Оның ішінде ауылдық жерде 112 спорт секциясында 1862 адам жаттығады. Оларды жаттықтыратын жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылардың саны 133 адамды құраса, оның 40-ы ауылдарда жұмыс жасайды. Штаттағы жаттықтырушылар мен жаттықтырушы-оқытушылар саны — 31.
Ал Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмеген спорт түрлері бойынша 77 спорт секциясында 1273 адам спортпен шұғылдануда. Оның ішінде ауылдық жерде 20 спорт секциясында 303 адам спортпен айналысады. 29 жаттықтырушылар мен жаттықтырушы-оқытушы болса, оның 10-ы ауылда. Ал штаттағы жаттықтырушылар мен жаттықтырушы-оқытушылар саны 6 адамды құрап отыр. Ұлттық спорт түрлері бойынша 9 1 спорт секциясында 1409 адам спортпен шұғылданады. Оның ішінде 28 спорт секциясы бойынша 44 1 адам ауылдық жерде тұрады . Осы бойынша жаттықтырушылар мен жаттықтырушы -оқытушылар жалпы саны 20 адам бол — са, оның 13- і ауылдық жерде орналасқан. Ал штаттағы жаттықтырушылар, жаттықтырушы — оқытушылар саны 13-ке жетсе , оның ішінде ауылдық жерде ор наласқандардың саны — 7 адам .
Спортты дамыту жолындағы жасалған жұмыстар – елеулі
Ауданда осы мақсатта жарты жылдықта атқарылған жұмыстар аз емес. Атап айтсақ, қаңтар ай — ынан бастап қазіргі таңға дейін 36 спорттық шара өткізілген . Оның 26-сы аудандық деңгейдегі жарыстар. Оған 1 150 000 теңге қаражат бөлінген. Ал өткізілген облыстық 10 жарысқа 3 3 1 0 202 теңге қаражат жұмсалған .
Айта кету керек, ауданда бокс , волейбол, дзюдо, еркін күрес , футбол, қол добы, үстел теннисі , тоғызқұмалақ, ауыр және жеңіл атлетика секілді спорт түрлері жақсы дамып келеді. Бұны растаған аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина ауданда өткізілетін спорттық жарыстарға әсіресе, жастардың белсенді қатысатынын, жыл сайын спорт — пен айналысушылардың да қарасы көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті .
—Біз жастардың уақытын тиімді өткізу үшін оларға толық мүмкіндік жасап беруіміз керек. Заманауи құрылғылармен жасақталған спорт кешендері жастарды еріксіз тартатыны сөзсіз. Спортпен айналы — сқан жастар жат қылықтарға бармайды, бұзақылық жасамайды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, мәдениеттілікке жақын келеді. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады , — дейді ол .
Мұғалжар мақтаныштары – көпке үлгі
Аудан аумағында спортты өрге сүйреп, осы салада жақсы көрсеткіштерге ие болып, жүлде қоржынын толтырып жүрген спортшылардың саны артқаны да қуантады. Атап айтар болсақ , 2023 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өткен дзюдо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінде Әділет Алмат І орынды иеленсе, мамыр айында Испания мемлекеті Малага қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде ол 73 келі салмақта ІI-орынды, Жанарыс Рахметқали ІII орынды иеленді. 2023 жылдың қазан айында Португалия мемлекетінің Одевилаш қаласында дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатында Жа — нарыс Рахметқали қола жүлдені жеңіп алды. 2023 жылдың қарашасында Ташкент қаласында жастар арасында Азия чемионатында Әділет Алмат және Жанарыс Рахметқали Азия чемпионы атанды, ал Гүлнұр Баханова күміс иеленді. Ал желтоқсанда Қырғызстан мемлекеті Бішкек қаласында дзюдодан жастар арасында Петр Телпизовтың кубогі үшін халықаралық турнирде Қандыағаш қалалық МБЖСМ -тәрбиеленушісі Аружан Абдикаликова жүлделі II-орынды иеленді . 2024 жылдың сәуір айында Қырғызстан мемлекеті Бишкек қаласында өткен ересектер арасында еркін күрестен 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай жүлделі ІII орынды иеленсе, мамыр айында Гонконг қаласында ересектер арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында 66 келі салмақта ІII орыннан көрінді. Ал Аяулым Жұмабай Молдава елінде жасөспірмдер арасында қол күресінен өткен халықаралық жарысқа қатысып, Әлем чемпионы атанды. Сондай -ақ Айдын Алиев Бішкек қаласында гір спортынан жасөспірім ұлдар мен қыздар және ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып , жеңіс тұғырынан көрініп, жүлдегер болды. Күні кеше ғана ембілік Жанарыс Рахметқали 66 келі салмақта Хорватия мемлекетінің Загреб қаласында қаласындағы Гран -придің жеңімпазы атанды .
—Бұл аталғандар жеткен жетістіктердің жартысы ғана . Атай берсек, дүбірлі додаларда биіктен көрініп жүрген спортшыларымыз жетеді . Мұғалжарлық спортшылардың алдағы уақытта да спорттың дамуына өз үлестерін қосып , өзге елдерде көк байрағымызды көкке көтеріп, әлі де талай желбіретіп жүретініне сенемін , — дейді Сәуле Хамзина .
Жалпы аудан мектептері бойынша:
36 жаттықтырушы 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері 49 ҚР-ның спорт шебері бар 100-ден астам оқушы спорт шеберлігіне өткен.
Спорттық нысандар мен ойын алаңдарының саны артты
Өздеріңіз көріп отырғандай , байрақты бәйгеде қанжығаға жүлде байлап жүрген жерлестеріміз аз емес. Осы үдеден төмендемей, жеңісімен аудан ның ғана емес, елінің атын шы — ғарар спортшыларды тәрбиелеу үшін мықты жаттықтырушылармен бірге дайындық жүргізуге сақадай сай спорт кешендері қажет -ақ .
Осы мақсатта жүйелі жұмыстар да жүргізіліп келе жатқанын айта кету керек. Соның бір дәлелі — соңғы 4 жылдықта қала және ауылдық округтерде түрлі спорттық алаңдар бой көтерді . Атап айтар болсақ, 2020 жылы Мұғалжар ауылынан көпсалалы спорт алаңы салынды. Спорт алаңын «Техмонтаж -Астана » мердігер компаниясы салған . Оған бюджеттен 1 6 800 6 14, 1 теңге жұмсалды. Сол жылы Ембі қаласындағы Н .Бөкенбаев көшесінде де 1 6 949 587,50 теңгеге көпсалалы спорт алаңы салынып, оның құрылысын да «Техмонтаж -Астана» мердігер компаниясы жүргізді .
Ал аудан орталығы Қандыағаш қаласында құны 387 043 574,40 теңге тұратын «Жасstar» дене шынықтыру -сауықтыру орталығының құрылысы 2020 басталып, 2022 жылы пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын ПК «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізді. Дене шынықтыру және сауықтыру орталығында тереңдігі 1,8-2 метрлік болатын бассейн және әмбебап 36х1 8 м шаршы метрлік спорт залы салынды . 202 1-2022 жылдары Жағабұлақ ауылында бой көтерген ан — гар типті спорт ғимараты салау — атты өмір салтын қалыптастыру , ауылдағы бұқаралық -көпшілік спортты дамыту мақсатында бой көтерді. Құрылыс жұмыстарын «ОМАР-ТРАНС» ЖШС-і жүргізді. Спорт нысанының жалпы алаңы 1 117 шаршы метр. Спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер бар .
2022 жылы Жұрын ауылында салынған спорт алаңының жалпы көлемі 924 шаршы метрді құрайды. Бюджеттен бөлінген қаржының көлемі — 26 1 51 386,74 теңге. Құрылыс жұмыстарын «Техно-С» ЖШС-і жүргізді. Сондай -ақ Жем қаласында және Қожасай, Саға, Ақкемер , Бірлік ауылдарында көпсалалы спорт алаңдары, ал Сағашилі және Жағабұлақ ауылдарында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында типтік спорт алаңдары салынды. 2021-2022 жылы Ақкемер мен Қожасай ауылдрында да көпсалалы спорт алаңдары салынды. Ақкемердегі 18 910 018,51 теңгелік спорт алаңының құрылыс жұмыстарын «БатысСпецАвтоматика» ЖШС- і жүргізсе, Қожасай ауылындағы спорттық алаңына 1 7 947 003,58 теңге жұмсалды. Аталмыш алаңды «Дамак Құрылыс» ЖШС — і жүргізген. Ал Жем қаласындағы көпсалалы спорт алаңына бюджеттен 1 9 531 988,45 теңге, Са — ғашилі ауылындағы дәл осындай алаңға 1 9 447 3 15,33 теңге, Қандыағаш қаласындағы көпсалалы спорт алаңына 39 691 235,75 теңге, Бірлік ауылындағы көпсалалы спорт алаңына 33 677 0 12,32 теңге, Бұлақты ауылындағы спорт алаңына 26 794 978 теңге, Саға ауылын — дағы спорт алаңына 26 972 7 19,2 теңге қаржы бөлінген. Аталған құрылыс нысандарын 2022- 2023 жылдар аралығында «Жайық Сити» ЖШС-і жүргізген. Жаңадан орнатылған спорт алаңында қала тұрғындары үшін спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Жаңа спорт алаңына келушілердің көліктерін қоюға арналған көлік тұрағы және мүгедектігі бар жандардың жүруіне ыңғайлы жол қарастырылған.
Сонымен қатар 2022-2023 жылдары Сағашлі ауылында жалпы көлемі 1117 шаршы метр — ді құрайтын спорт алаңының құрылысын «BASPANA BUILD» ЖШС — і жүргізді. Аталған ке — шеннің спортзалында 20-ға жуық адам бір мезгілде жаттыға алады. Сонымен бірге әйел адам — дар мен ер адамдарға арналған бөлек жуыну, киініп -шешіну бөлмелері, дәрігер кабинеті, өзге де қосалқы бөлмелері болады . Құрылысқа бюджеттен 184 млн 922 мың теңге бөлінген. Бұл жұмыстар 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған еді. Алдағы уақытта спорт кешенінен волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер ашылып, халық игілігі үшін жұмыс жасайды .
Ал соңғы салынған нысандар — Еңбек және Жарық ауылдарын — да. 2023-2024 жылдары «ЕРКЕН и К» ТС Еңбек ауылында 33 635 245, 15 теңгелік алаң мен Жарық ауылында 33 8 1 9 086,56 теңгелік спорт алаңының құрылысын жүргізуде .
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ