«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси шиеленістерге қатысты Қазақстанның ұстанымын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Кипр президенттерінің келіссөздерінде халықаралық және аймақтық мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа мәлімдемесінде айтты.

Қазақстан Президенті жаһандық геосаяси ахуалдың ушығуына, қақтығыстардың көбеюіне бәрінің алаңдап отырғанын айтты.

– Әлемдегі көптеген түйткілге қатысты мемлекеттеріміздің ұстанымы ұқсас. Екі ел де кез келген шиеленіс бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі керек деген қағидатты қатаң ұстанады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Қазақстан мен Кипр президенттері БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында тиімді жұмыс істеуге келіскен. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсене атсалысуға уағдаласқан.

– Қазақстанның ұстанымы бойынша: барлық ел БҰҰ жарғысын, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын қатаң сақтауға міндетті. Қазақстан басқа елдердің аумақтық тұтастығын құрметтейді және бүкіл әлем мемлекеттерін осы қағидатқа басымдық беруге шақырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды

admin_mugalzhar

КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН АРДАҚТЫ ЖАН

admin_mugalzhar