«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ ОРЫНДА

Мұғалжар ауданында «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Әсіресе, балаларды жолда күтіп тұратын қауіптер туралы айтып, ата-аналар мен жүргізушілердің жауапкершілігіне назар аударды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында жаяу жүргіншілер өткелінде балаларға жол бермеген жүргізушілерге қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін – 2, көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін – 2, балаларды арнайы ұстау құрылғысынсыз тасымалдағаны үшін – 2, жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын сақтамағаны үшін – 3 және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуы бойынша 2 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Полицтя өкілдері демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, балалармен жолда жүрудің негізгі ережелерін қайталап, көшені дұрыс кесіп өту, бағдаршам талаптарын сақтау және бейтаныс жерлерде абай болу туралы үнемі ескертіп отыруын сұрайды.

Ұқсас ақпараттар

ӨНДІРІС ЫРҒАҒЫ — ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

admin_mugalzhar

Президент: «Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді»

admin_mugalzhar

«Әдемі» нөмірлерге талас: Ел азаматтары бір аптада 200 мыңнан астам өтінім берді

admin_mugalzhar