«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚ СЕНІМІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

КҮН САЙЫН ОНДАҒАН ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАП, ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ КӨБІНЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕ БЕРМЕЙДІ. АЛАЙДА ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ. БҰҒАН ОСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАП, ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТҚАНЫНА БІР ЖЫЛ ҒАНА БОЛҒАН ЕМБІЛІК АРУЖАН ӘДІЛГЕРЕЙ КӨЗ ЖЕТКІЗІП ҮЛГЕРІПТІ.
Бұл салаға Аружан анасының кеңесімен келіпті. «Өмірлік тәжірибесі мол анамның бағыт-бағдары мені осы жо лға алып келді. Бүгінде туған қалам ның дамуына аз да болса үлес қосып жүргеніме қуаныштымын. Мемлекеттік қызмет мен үшін жай ғана жұмыс емес, халықтың игілігі жолын да еңбек ету мүмкіндігі», – дейді өзі. Жетекші маманның жұмысы сырт көзге байқала бермегенімен, жауапкершілігі жоғары. Құжат айналымын жүргізу, ресми хаттамаларды әзірлеу, азаматтардың өтініштерін қабылдау және олардың орындалуын бақылау күнделікті атқарылатын жұмыстардың бір бөлігі ғана. Әкімдік пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз ету де осы қызметтің маңызды міндет терінің бірі. «Мемлекеттік қызметте ең басты ұстаным қандай?» деген сұраққа Ару жан Алмазқызы заңдылық пен адалдықты атап өтті.
«Кез келген мәсе ле заң аясында қаралуы тиіс. Сонымен қатар азаматтардың өтініштеріне бей-жай қарамай, олардың мәселесін шешуге барынша ықпал ету маңызды. Халықтың сенімі – мемлекеттік қызметші үшін ең үлкен баға»,– дейді ол.
Шын мәнінде, халықпен жұмыс істеу үлкен төзімділікті қажет етеді. Әкімдікке келген әрбір тұрғын өз мәселесінің оң шешілуінен үміт күтеді. Кейде олардың арасында әлеуметтік жағдайы қиын, өмірлік қиындықтарға тап болған азаматтар да кездеседі. Мұндай жағдайда маманның кәсіби біліктілігімен қатар адамгершілік қасиеттері де ерекше рөл атқарады. Ембі қаласы тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің қатарын да коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жер қатынастары және әлеуметтік қолдау мәселелері бар. Әрбір өтініш заңнама талаптарына сәйкес тіркеліп, белгіленген мерзімде қаралады.
«Әр өтініш тің артында нақты адам мен нақты тағдыр тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан тұрғындардың мәселесіне түсіністікпен қарап, олардың сұрақтарына нақты жауап беруге тырысамыз», дейді жас маман.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі де айқын байқалады. Әсіресе цифрландыру жұмыстары қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазір көптеген мемлекеттік қызмет түрлері электронды форматқа көшірілген. Бұл өзгерістер тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға да ықпал етуде. Дегенмен, цифрлық технологияларды меңгеруде қиындық көретін азаматтарға бағыт-бағдар беру де маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Жас маман мемлекеттік қызмет саласындағы оң өзгерістердің қатарында меритократия қағидатының нығаюын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен нақты нәти желеріне қарай бағалануы әділдік қағи даттарының қалыптасуына жол ашады. Қызмет барысында есте қалған оқиғалардың бірі ретінде ол жуырда Ембі қаласында жергілікті қоғамдастықтың жаңа құрамын жасақтау жұмыстарына қатысқанын айтады. Бұл бастама тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді араласуына мүмкіндік береді. «Қоғамдастық құжаттарын әзірлеу жұмыстары оңай болған жоқ. Дегенмен оның нәтижесі халықтың өзекті мәселелерін шешуге қатысуына жол ашты. Осындай жұмыстар атқарған кезде еңбегіңнің қоғам үшін маңызды екенін сезінесің», – дейді Аружан Алмазқызы.
Мемлекеттік қызметші үшін кәсіби біліммен қатар адалдық, жауапкершілік, сабырлылық және адамдармен тіл табыса білу қабілетіде маңызды. Өйткені бұл қызметте әр күн жаңа міндеттер мен жаңа шешімдерді талап етеді. Өзіне артылған жауапкершілік жүгін сезінген Аружан жастардың мемлекеттік қызметке келуін қол дайды. Оның пікірінше, қазіргі өзі тәрізді жас буынның жаңашыл ойлары мен цифрлық сауаттылығы мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына оң әсер етеді.
«Мен бұл салаға кеше келген жаспын. Мемлекеттік қызметті таңдаған мен сияқты жастарға бұл салаға халыққа қызмет ету ниетімен келу керек дер едім. Егер бойымызда жауапкершілік пен адалдық болса, мемлекеттік қызмет үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Елге пайдасын тигізуді мақсат еткен жастар әрқашан қажет», – дейді ол.
Мемлекеттік қызметші күні – тек мереке ғана емес, атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындайтын маңызды күн. Бұл күн әр мемлекеттік қызметшіге өз қызметінің мәнін тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі қашанда құрметке лайық. Солардың қатарындағы жас маман Аружан Адилгерей де халық сенімін ақтап, туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қосуды басты мақсатым деп біледі.
Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЖАҒАБҰЛАҚТА БАЛАБАҚШАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНУДА

admin_mugalzhar

Қазақстанда 1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек

admin_mugalzhar

Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады

admin_mugalzhar