«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады», — дейді мамандар.

Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінде көруге болады. Орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданы Жем қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

admin_mugalzhar

Қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады: Санақ қалай жүргізілмек

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.