«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“ЖЕҢІС” ДАҢҒЫЛЫНА ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР ҚОЙЫЛУДА

Қандыағаш қаласындағы “Жеңіс” даңғылында қайта жаңарту жұмыстары өткен жылы басталған еді. Ауыспалы кезеңмен салынып жатқан құрылыс жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Аталаған жобаны жасауды «Бірлік НС» ЖШС-і өз жауапкершіліктеріне алған.
Жобаның жалпы ұзындығы – 1,3 шақырым. Қазіргі таңда жолдың негізі дайындалып, асфальт жабынының бірінші қабаты төселді. Жұмыстың келесі кезеңінде, яғни келер жылы асфальттың екінші қабатын төсеу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар жоба аясында жол бойына 4 аялдама, 4 орындық және 16 қоқыс жәшігін орнату қарастырылған.
Қазіргі уақытта жұмыстары осы аялдамаларды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

admin_mugalzhar

“AQTOBE OPEN 2025”: Қандыағаштық спортшылар жүлдемен оралды

admin_mugalzhar

Түркия Қазақстанмен сауда көлемін 15 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

admin_mugalzhar