«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Мен біргемін»: ақтөбелік оқушы құқықтық көмек көрсететін бот әзірледі

Ақтөбедегі №11 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз орта — менің әрекетімнен басталады» атты іс-шара өтті. Кездесуге медиаторлар мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысып, оқушылармен құқықтық сауаттылық және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.

Қалалық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың басшысы Раиса Байлиева құқық бұзушылықтың алдын алуда қоғамның бірлескен жұмысы мен жастардың құқықтық білімін арттыру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, орталықта қазіргі уақытта 38 адамға психологиялық қолдау көрсетілуде.

Кездесуде мектеп оқушыларының да құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосып жүрген үлесі айтылды. Атап айтқанда, 11-сынып оқушысы Мүслім Күмісғалиев «Мен біргемін» жобасын жүзеге асыруда.

«Жастарға ұрлық, алаяқтық сияқты құқық бұзушылықтардың соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндіргіміз келеді. Осы мақсатта оқушылар құқықтық сауалдарына арнайы бот арқылы жауап ала алатын “Мен біргемін” жобасын іске асырып жатырмын. Келіп түскен сұрақтар құқық қорғау саласының мамандары арқылы сараланып, қадағаланады», – дейді Мүслім Күмісғалиев.

«Мен біргемін» жобасы мектеп оқушыларының құқықтық мәселелерге бейжай қарамай, өз ортасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға атсалысып жүргенін көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар

Өңірде егін ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

admin_mugalzhar

МҰҒАЛІМДЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

«ТАРЫ-FEST — 2023»: ІІ ОРЫН – МҰҒАЛЖАРДА

admin_mugalzhar