«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫНДА 900 ТАЛ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жұрын ауылында елді мекенді көгалдандыру және қыс мезгілінде қарлы бораннан қорғау мақсатында 900 түп қара ағаш көшеті отырғызылды.
Ауыл әкімі Асылбек Қоңратбаев аталған көшеттер ауылдың кіреберісіндегі Ахмет Жұбанов көшесінің бойына егілгенін, сондай-ақ ағаштар егілген жердің сырты толықтай қоршалғанын жеткізді.
-Біздің мақсатымыз – ауылдың көркін арттырып, жасыл желекпен көмкеру ғана емес, елді мекенді қысқы қарлы боран мен қар үйінділерінен қорғау. Бұл игі іске Жұрын ауылының кәсіпкерлері, ағайынды Ғалымжан мен Болатбек Нукусовтар қолдау көрсетті. Олардың жеке шаруа қожалықтары бар. Көшеттер Орқаш орман шаруашылығынан сатып алынды. Жалпы саны 900 түп қара ағаштың әрқайсысының бағасы 1000 теңге тұрады. Тал көшеттері егілмей тұрып, арнайы техникамен жердің үстіңгі қабатын қопсытып, арамшөптерді жойып, топырақты дайындадық. Содан кейін барып, көшеттер отырғызылды, — деді ауыл әкімі Асылбек Қоңратбаев.
Оның сөзінше, орман шаруашылығы талдардың толық өсіп кетуіне бір жыл кепілдік берген. Егер келер жылы көшеттер қурап қалса, жаңасына ауыстыру, арасын арамшөп басып кеткен жағдайда тазарту жұмыстарын орман шаруашылығы атқарады. Ал күтіп-баптау жұмыстарын ауыл әкімдігі өз жауапкершілігіне алған.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа зауыттар, су электр станциялары мен күн электр станциялары: Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

admin_mugalzhar

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

admin_mugalzhar

«ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР — 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar