Тәртіп сақшылары көшеде 25 жастағы жігітті ұстады. Мұғалжар аудандық полиция қызметкерлері оған есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну дерегі бойынша айып тақты. Азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.
Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

