Қандыағаш қаласындағы №308 сайлау учаскесінде сайлау күніне орай «Салт-дәстүрлер сөйлейді» тақырыбында ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.

Сайлау учаскесінде дауыс беру өз деңгейінде ұйымдастырылып, тұрғындардың қатысуы жалғасуда. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Қала тұрғындарын саяси науқанға белсене қатысуға шақырамыз.

