«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде түйе іздеп, жоғалып кеткен ауыл тұрғындары табылды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында түйе іздеуге шығып, хабарсыз кеткен екі адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байғанин аудандық полиция бөліміне Оймауыт ауылының тұрғынынан арыз түсті. Түйе жоғалып, баласы мен оның досы «Урал» мотоциклімен іздеуге шығып, хабарсыз кеткен.

«Ауылдан 30 шақырым қашықтықтағы Аққұдық жеріне бағыт алған екі адам жоғалды. Полиция екі топ құрып, ауыл әкімдігі мен тұрғындар көмек көрсетті. Олар 20 желтоқсан күні ауылдан 40 шақырым қашықтықта табылды. Екеуі дін аман, үйіне оралды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына арналған киім үлгісі ұсынылды

admin_mugalzhar

Предприниматели смогут получать комплекс услуг по принципу единого окна

admin_mugalzhar

ТРАДИЦИИ НАРОДА — ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ

admin_mugalzhar