«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Иманғали Тасмағанбетовтің анасы өмірден озды

Ресейдегі Қазақстан елшілігі ұжымы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетовке анасы, танымал педагог, жазушы Ділдә Матайқызы Қоқанованың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

«Ділдә Матайқызы жас буынның тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ағарту ісінің жарқын тұлғаларының бірі еді. Оның білім беру саласындағы еңбектері педагогтардың талай буынына білім көзі болатынына сенімдіміз. Адамды қанша уақыт есте сақтаса, ол сонша өмір сүреді. Ділдә Матайқызы біздің есімізде ар-ожданы,мәдениеті биік, жүрегі таза адам ретінде қалады. Сіздің, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қайғысына ортақпыз», — делінген елшілік сайтының хабарламасында.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Атырау облысындағы дауыл салдарының фотосы жарияланды

admin_mugalzhar

В NASA назвали дату первого полета вертолета на Марсе

admin_mugalzhar

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА»: 2025 ЖЫЛЫ 34 МАМАН ҚОЛДАУ АЛДЫ

admin_mugalzhar