«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ескі жылдың есебі және жаңа жылға жаңа міндет

Жылдағы үрдіс бойынша аудан тұрғындарына Мұғалжардың өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру басталды. Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен есептік кездесуі Батпақкөл, Құмжарған ауылдық округтері мен Жем, Ембі қалаларында өтті, деп хабарлайды «Мұғалжар» газеті.

Ауданның әр саласы бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысының есебін жергілікті тұрғындар жылы қабылдады. Әуелі, аудан басшысы тұрғындармен бірге окург әкімдерінің жыл бойы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын тыңдап, одан соң өз есебін берді. Мәселен, өңірдегі потенциалы жоғары аудан Мұғалжарда өнеркәсіп өндірісінің өсімі өскен. Кен өндіру, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші жоғарылаған. Елбасы Н. Назарбаевтың Стратегиялық бағыты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жалпы ауданда қай салада болмасын көрсеткіш қомақты. Атқарылған жұмыстардың барысымен танысқан тұрғындар көкейлерінде жүрген күрмеуі күрделі мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Батпақкөл ауылдық округінде өткен есептік кездесуде округке қарасты Қожасай елді мекенінің тұрғындары көгілдір отын мәселесін көтерді. Себебі, газ өңдеу зауытының іргесінде орналасқан шағын елді мекен тұрғындарын бұл түйткіл әлі күнге дейін алаңдатып келеді. Алайда аудан басшысы бұған қатысты жоба дайындалатындығын айтты.

Жағабұлақ ауылының тұрғыны Бердібек Бақытқалиұлы малшаруашылығын дамытуға білек түрініп отыр. Дегенмен, шаруашылықты жүргізу үшін жер мәселесі қол байлау болып тұр. Әсіресе, шаруашылыққа қажетті несие алу үшін оған міндетті түрде жер қажет. Бұл мәселеснің бүге-шігесін түсіндірген аудан басшысы шаруаның бас ауыртқан шаруасының шешілуін округ әкіміне жүктеп, ықпал етуін тапсырды.

Ембі қаласының тұрғындары Ембі-Қандыағаш бағытындағы жолдың 13 шақырымын жөнге келтірілуін сұрады. Одан бөлек қаланың сыртындағы қоқыс төгетін полигонның жайын, бау-бақша шаруашылығын дамытуды жолға қой мәселесін көтерді. Аталған жол мәселесіне қатысты аудан басшысы республикалық деңгейде шешілетіндігін және қаралып жатқандығын хабарлады. Ал қаланың тазалығы мен баубақшаның шаруасын жергілікті тұрғындар өз ара шешулері керек деді. Ол үшін жергілікті әкімдік, жергілікті қоғамдастық кеңес бар.
Төртінші деңгейлі бюджет бойынша қала әкімдігінің өз қаражаты бар. Сондықтан да жергілікті қоғамдастық кеңес мұндай мәселелерді қала әкімдігімен бірлесіп жан-жақты пысықтап, шешімін табуға, тұрғындарды жұмылдыруға мүдделі болуы керек.

Айта кетейік, аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындар алдындағы есебі әлі де жалғасып жатыр. Есептік кездесулер әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирмен көрсетілуде.

Ұқсас ақпараттар

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

Ғайни НҰРСҰЛТАНОВА: «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — БАЛАЛЫҚ АРМАННАН ТАМЫР ТАРТТЫ»

admin_mugalzhar

Из журналистики-то Я УШЛА, авот онаиз меня — НЕТ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.