«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

22 қаңтар күні өткен Құмсай ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша Нағметула Жамбылұлы Сатаев Құмсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Нағметула Жамбылұлы 1965 жылы Ақтөбе облысы, Родник ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1982-1983 жылдар аралығында Құмсай ауылында бұрынғы Темір совхозында «Рауан-82» комсомол жастар бригадасында бастаған. 1983-1985 жылдары әскер қатарында болған. 1987 жылы Құмсай ауылында спорт нұсқаушы болып жұмыс жасап, кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтына оқуға түсіп, 1994 жылы бітірді.

1994-2006 жылдары Құмсай орта мектебінде география және биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 2006-2015 жылдары Бұлақты ауылындағы орта мектептің директоры, 2015-2016 жылдары орта мектептің мұғалімі қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бастап осы күнге дейін Бұлақты негізгі мектебінің директоры қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

Жыл қорытындысы: табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу

admin_mugalzhar

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы өсе ме

admin_mugalzhar

Нұрлыгүл Көшекбаева Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.