«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды. 22 қаңтардан бастап лицензияның тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды. Бұл туралы кеңсе қызметкерлері ресми түрде хабарлады.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады.
Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.

фото: Inbusiness.kz

Ұқсас ақпараттар

Атырау облысындағы дауыл салдарының фотосы жарияланды

admin_mugalzhar

BI Group Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алды

admin_mugalzhar

ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ШЫРАЙЫ КІРМЕК

admin_mugalzhar