«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирус тағы 57 адамның өмірін жалмады

Қытайдағы коронавирус жұқтырғандардың саны 17 205-ке жетті, 361 адам қайтыс болды. Жаңарған мәліметтерді ҚХР денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Бір күн бұрын 14 380 адамның ауру жұқтырып, 304 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

"2 ақпандағы түнгі жағдай бойынша денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті 31 провинциядан 17 205 адамның ауру жұқтырғаны туралы хабар алды, олардың 2 296-сы ауыр жағдайда жатыр, 361 адам қайтыс болды, 475-і ауруханадан шығарылды", - делінген жарияланған хабарламада.

Соңғы тәулікте 2 829 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Гонконгте жұқтырудың 15 жағдайы анықталды, Макаода — 8, Тайванда — 10.

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген 21 558 адам тіркелген. Қазіргі уақытта ауру жұқтырғандармен жақын байланыста болған 152,7 мың адам бақылауда.

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталығындағы Ухан қаласында белгісіз індет таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған, ол — 2019-nCoV коронавирусы.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Құс тұмауы ет бағасына әсер ете ме?

admin_mugalzhar

«ҚАЛАМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

Энергетика вице-министрі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысына дайындық барысын тексерді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.