«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркістан облысында ауыл әкімі өз кабинетінде карта ойнаған

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жергілікті тұрғын Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің өз кабинетінде карта ойнап отырған сәтін видеоға түсіріп алған. Әкім мен оның жанындағылар қандай ойын және қандай бәспен ойнағаны белгісіз.

Нәтижесінде ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір шықты. Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген. Енді оны ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

ВЕСНА — НЕ ПОВОД РАССЛАБЛЯТЬСЯ: Готов ли Мугалжарский район к весенним паводкам?

admin_mugalzhar

Қазақстанда халық санағы онлайн түрде өткізілетін болды

admin_mugalzhar

Димаш әлемді бейбітшілікке шақырды

admin_mugalzhar