«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Туған қызын зорлады деп күдікке іліккен Ақтөбе тұрғыны 19 жылға сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ақтөбе тұрғыны қылмыстық кодекстің «адам зорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушінің заңды өкілінің моральдық залалды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылып, сотталғаннан 5 000 000 теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе облыстық полиция департаменті өткен жылы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке іліккен Ермек Ахметовке халықаралық іздеу жариялады.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ХК «Актобе» на своей арене встретился с ХК «Торпедо»

admin_mugalzhar

КӨНЕНІҢ КӨЗІ — КӨК МЕШІТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.