«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан 217 азаматын коронавирус өршіген Қытайдан елге жеткізді

Ақпанның 11-іне қараған түні Қазақстанның 217 азаматы Қытайдағы коронавирусқа байланысты сол елдегі 36 қаладан Пекин арқылы елге жеткізілді. Бұл туралы сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда журналистерге Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Шенеунік жақын уақытта Қытайдан Қазақстанның тағы 150 азаматын елге әкелу жоспарланып отырғанын, ал бірнеше жүз қазақстандықтың өз еркімен Қытайда қалуға тілек білдіргенін айтты.

— Олардың арасында дипломатиялық қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен Қытайда жұмыс істеп жатқан өзге де азаматтарымыз бар. Қытайдың өзге қалалары карантинге жабылған жоқ, сондықтан біздің азаматтар үшінші ел арқылы Қазақстанға қайта алады, — деп мәлімдеді Смадияров.

10 ақпанда СІМ Қытай аумағында Қазақстанның 719 азаматы барын, оның 391-і Қазақстанға қайтуларына жәрдем сұрағанын хабарлаған. Бұған дейін, 2 ақпанда Қазақстан 83 азаматын (үшеуінен басқасы студент) Қытайдағы қауіпті коронавирус тараған Ухань қаласынан елге жеткізген. Ухань қаласынан жеткізілгендердің барлығы Нұр-Сұлтан маңындағы көпсалалы аурухана жанындағы инфекцияға қарсы бөлімшеде 16 ақпанға дейін екі апта карантинде болады деп хабарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін Қытайда коронавирустан 1016 адам қайтыс болған. Қытайда вирус жұқтырған 42638 адам тіркелген. Қытайдан басқа 24 елде жалпы саны 319 адамға вирус жұққан, олардың біреуі қайтыс болған.

Қазақстан билігі елде коронавирус жұқтырған науқас адам немесе жануар тіркелмегенін айтады. Бұған дейін Қазақстан Қытаймен арада автобус, темір жол және әуе қатынасына уақытша шектеу енгізген.

Қаңтардың 30-ы күні ДДСҰ коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаған.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Джо Байден Тоқаев пен қазақстандықтарды құттықтады

admin_mugalzhar

Қазақстанда вакцинация төлқұжаты өзгерді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.