«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбедегі «Көрпе Fest» фестивалінде жүздеген шебер құрақ көрпе тікті

«Көрпе Fest» фестивалінде 300-ден астам қыз-келіншек, шебер құрақ көрпе тігудің қыр-сырын меңгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қолөнерді жаңғыртуға арналған «Көрпе Fest» мегафестивалі өтті. Фестиваль көпбалалы және аз қамтылған әйелдердің кәсіп ашуына мүмкіндік береді. Бір мезетте 300 тігін машинасымен құрақ құрап, атақты шеберден тегін кеңес алды.

«Қазақтың төл мәдениеті мен өнерін қайта жаңғыртқан іс-шараға өңірімізден көпбалалы аналар, апа-қарындастар ат салысты. Бұл – көңіл қуантарлық жетістік», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Фестиваль аясында үш күн бойы семинарлар, тігін және қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өтіп, тігу технологиясы көрсетілді. Әлеуметтік желілерде бизнесті жүргізу жолы айтылды.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин «Көрпе Fest» мегафестиваліне қатысқан қыз-келіншектерге арнайы сыйлық табыс етті. Облыс әкімдігі атынан 35 шеберге тігін машинасы, 55-не «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің ұлттық қолөнер технологиялары бойынша алғашқы курсын тәмамдағаны үшін сертификат берілді. Өзге қатысушыларға мата мен естелік сыйлықтар берілді.

«Көрпе Fest» сабағына қатысқандар үш күн ішінде 20 көрпе,120 жастық, 200-ге жуық шағын көрпе үлгісін дайындап, көрмеге қойды.

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

admin_mugalzhar

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.