«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде оқ тиген бес адам ауруханаға жеткізілді

Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген бес адамның бәріне оқ тиген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 20 ақпан күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған 5 адам жеткізілген.

«Жедел тергеу тобы құрылып, үш күдікті ұсталды. Олар бар кінәны мойындады. Күдіктілер адамдарды атқан соң 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған. Ваз-2114 маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ұқсас ақпараттар

Оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

admin_mugalzhar

Ashyq жобасына 400-ден астам нысан қосылды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.