«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Заңсыз жұмыстан шығару, ақша жинау: Түркістанда білім саласында арыз-шағым көбейген

Түркістан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысына ескерту жасалды.

Соңғы бір ай ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне Түркістан облысындағы мұғалімдер тарапынан 17 арыз-шағым келіп түскен. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Вице-министрдің айтуынша, арыздың басым бөлігі орынсыз жұмыстан шығару, ақша жинау және мектеп директорларын тағайындауда жіберілген қателіктерге байланысты мәселелер. Одан бөлек, өңірде түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарды негізсіз иелену фактілері кездескен.

Аппараттық кеңес барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бақытжан Мұхамеджановқа ескерту жариялады.

«Неге тиісті шаралар қолданылмаған? Егер бұл шағымдар сіздерге түспесе, демек, шағымданушылар тарапынан сіздерге сенім жоқ дегенді білдіре ме? Белсендірек жұмыс жасау керек. Нәтижесін көрмедік. Екі айдан соң баяндамаңызды тыңдаймыз. Қатаң ескертемін» – деді Асхат Аймағамбетов.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Асхат Шахаров Жағабұлақ пен Бірлік ауылдарында зақым келген үйлерді аралады

admin_mugalzhar

«Жұрттың баласына қарашы»: Қазақстандық психолог балаға айтуға болмайтын сөздерді атады

admin_mugalzhar

Тоқаев 12 аудандық сотты таратты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.