«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елордада дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосу үшін 200 млн теңге бөлінді

Елордалық дәрігерлердің жалақысына үстемеақы қосу үшін 200 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша стационарларда, денсаулығын тәуекелге тігіп отырып, өз міндеттерін атқарып жүрген дәрігерлерге үстемеақы беру үшін 200 млн теңге бөлдік», — деді Алтай Көлгінов онлайн брифинг кезінде.

Сонымен қатар қала әкімі мемлекеттік комиссияның отырысында Президенттің дәрігерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау бойынша қаржылық көмегі туралы еске салды.

«Яғни бірінші санаттағы дәрігерлер 800 мың теңге, ал екінші санаттағылар 400 мың теңге, үшінші санаттағылар 200 мың теңге алады. Бұл айтарлықтай көмек», — деді ол.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге үш санат бойынша жалақысына үстемеақы қосылатынын мәлім еткен еді.

Ұқсас ақпараттар

БАСШИЛІГЕ АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

«ВЕСЕЛЫЕ СТАРТЫ» ФИНАНСИСТОВ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.