«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде ерлі-зайыпты азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырды

Ақтөбеде ерлі-зайыпты азаматтардан коронавирус инфекциясы анықталып, 56 адам карантиндік госпитальге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл екі жағдай кеше тіркелді. Барлығы облыс бойынша 7 адам індетке шалдықты. 1 сәуір күні қала тұрғыны емдеу мекемесіне барған. Ол тынысы тарылып, қызуы көтерілгенін айтқан. Сол кезде емдеу мекемесінің арнайы бөлмесіне оқшауланып, жедел жәрдем шақырылды. Провизорлық госпитальге жатқызылып, қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Олар: отбасы, туыстары, әріптестері мен көмек сұрап барған емдеу мекемесі. Барлығы 56 адам карантинге жатқызылды. Вирусологиялық тексеруден соң бірден арнайы палатаға ауыстырылды. Содан кейін әйелінен табылды. Ол да ауруханаға жеткізілді», — деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, індетке шалдыққан ерлі-зайыптылар тұрған көпқабатты үйдің бір подъезі карантинге жабылды. Олар 14 күн бойы үйде отырады. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекке тапсырыс бере алады. Туыстары да жеткізіп береді. Қазір полиция бақылауға алды. Ал тағы 13 подъездің тұрғындары тек жұмысқа, азық-түлік дүкеніне бара алады. Сонымен бірге емдеу мекемесі карантинде.

«Індет жұқтырған ер адамның Алматы, Нұр – Сұлтан қалаларына іссапармен барғаны анықталды. Кейін тексеру кезінде әйелінен табылды. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Қажетті ем жүргізіліп жатыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ұқсас ақпараттар

Жанар ИБРАЕВА, әскери қызметкер: ЕЛБАСЫМЕН ЕКІ РЕТ КЕЗДЕСТІМ

admin_mugalzhar

«Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік тағылымдамаларға құжаттар қабылдау басталды

admin_mugalzhar

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.