«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбелік кәсіпкер блокпосттағы адамдарды арнайы киіммен қамтамасыз етті

Ақтөбеде тігін цехы әскери, полиция қызметкерлеріне қажетті арнайы киім тігіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік кәсіпкерлер қайырымдылық акциясына өз үлесін қосып жатыр. Тігін цехы арнайы киім жиынтығын тапсырды. Кәсіпкер 1,4 миллион теңге жұмсады.

«Ақтөбе қаласының әкімдігі мен мәслихат арнайы киімдердің құны туралы сұрады. Олар блокпосттарда тұратын жауапты қызметкерлерге қажетті бас киім, аяқ киім мен бетперде, арнайы киім құнын білді. Компания басшылығы ел қауіпсіздігі үшін күн-түн демей еңбек етіп жүрген адамдар үшін қайырымды іс жасауға шешім қабылдады. Акцияға өз үлесімізді қосып, өзге де кәсіпкерлердің қолдайтынына сенім білдіремін», — деді өндірістік бірлестік жетекшісі Надежда Шабаева.

Айта кетейік, ақтөбелік мейрамхана, дәмхана иелері инфекциялық клиника дәрігерлеріне шай дастарқанын дайындап, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қолға алған болатын.

Ұқсас ақпараттар

ЖИЗНЬ ПОД СТУК КОЛЕС

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 69,8 млн тонна көмір өндірілді

admin_mugalzhar

Қазақстанда ұшақ билеті қымбаттаған

admin_mugalzhar