«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ашық көрсетілімде болмаған қазақстандық тарихи фильмдер эфирден беріледі

#bizbirgemiz науқаны аясында «Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» кинокомпаниялары Қазақстан телеарналарының қолдауымен бүгінге дейін ашық көрсетілімде болмаған кинокартиналарды эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Томирис» тарихи кинотуындысын 5 сәуірде 22:30-да Qazaqstan телеарнасынан (қазақ тілінде), 10 сәуір 20:00-де «Еларна» (қазақ тілінде) және 11 сәуір 18:00-де «Хабардан» (орыс тілінде), ал мамырда КТК телеарнасынан тамашалауға болады.

Бұдан бөлек, сәуірде «Анаға апарар жол» мен «Жаужүрек мың бала» фильмдері Qazaqstan және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.

«Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне осы акцияға бастамашылық еткені және ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын! Біздің фильмдерді еліміз үшін күрделі кезеңде көрермен назарына ұсынып отқанына қуаныштымын. «Жаужүрек мың балада» да, «Анаға апарар жолда» да, «Томиристе» де ата-бабамыздың, халқымыздың қиындыққа бой алдырмай, еңсергенін айтқанбыз», — деді режиссер Ақан Сатаев.

Ұқсас ақпараттар

Индира Рыстина: Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға ерекше назар аударылды

admin_mugalzhar

Татулық пен тұтастық тірегі

admin_mugalzhar

Елімізде 18 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.