«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп қарамағындағыларға коронавирус індеті төңірегіндегі жағдайға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды.

14 сәуірде Трамп ДДСҰ «негізгі міндетін атқара алмады және сол үшін жауап беруі тиіс» деп мәлімдеді. Ақ үйде болған брифинг кезінде Трамп Вашингтон «басқарманың жіберген қателіктерін анықтап болғанша» екі-үш ай ұйымды қаржыландырмайды деді. Президенттің пікірінше, БҰҰ құрылымына қарасты ұйым Қытайдан түскен хабарламаларды мұқият зерттеген болса, індеттің таралуына жол бермей, талай адамның өмірін сақтап қалар еді.

Ал БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерриш қазір коронавируспен күресіп жатқан кез келген гуманитарлық ұйымды қаржыландыруды тоқтатын мезгіл емес деп айтты. Ол арнайы мәлімдеме таратып, халықаралық қауымдастықты коронавируспен бірігіп күресуге шақырды.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, соңғы бір күннің ішінде АҚШ-та 2 228 адамнан коронавирус табылған. Елде 600 мыңнан астам адамға вирус жұққан, 25 700-ден астам адам қайтыс болған. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылаудың жаңа элементтері енгізілуде

admin_mugalzhar

ЕРІКТІЛЕР ТЕГІН КӨМЕК КӨРСЕТТІ

admin_mugalzhar

ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.