«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қытайда бір тәулікте үш адамнан ғана коронавирус табылды

ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мәліметінше, кеше құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырған 3 жаңа жағдай анықталған. 80 науқас емделіп шықты, қайтыс болу жағдайы тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

3 жаңа жағдайдың екеуі сырттан әкелінсе, біреуі жергілікті жерден шыққан. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында тіркелген. Коронавирустың сырттан әкелінген жағдайларының жалпы саны – 1636.

Бұдан бөлек, өткен тәулікте симптомсыз 25 жаңа жағдай анықталды. 974 симптомсыз науқас медициналық бақылауда.
Тұтастай алғанда, соңғы деректер бойынша ҚХР-да коронавирус жұқтырудың расталған фактілерінің жалпы саны — 82 830. 4633 адам вирустан көз жұмса, 77 454 адам сауығып ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта 723 пациент медициналық мекемелерде ем қабылдауда. 52 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған.

COVID-19 эпицентрі болған Ухань қаласында 26 сәуірдегі жағдай бойынша коронавируспен ауыратын науқастар қалмаған. Мұндай мәлімдемені өткен жексенбіде Бейжіңде ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ресми өкілі жасады.

Ұқсас ақпараттар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы теміржолшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады

admin_mugalzhar

«Келешек мектептері»: Жас мамандарды іріктеуге арналған жаңа цифрлық платформа іске қосылды

admin_mugalzhar