«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Чехияда Рождествоға орай дәстүрлі іс-шаралар өтпейтін болды

Чехияда коронавирус індеті дендеп кетті. Алғаш рет бұл елде бір күнде 15 мыңнан астам науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасаған «Мұғалжар» газеті.

Үкімет вирустың таралуына тосқауыл қоюға бар күшін салып жатыр, алайда індеттің беті қайтар жоқ. Жұрт та катаң карантин шектеулерінен жалығып, наразылық шараларға шығып жатыр. Ел билігі халықты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші бойынша Чехия әлемде екінші орында тұр. Әсіресе, соңғы бір аптада елдегі жағдай күрделене түсті. Осыған орай парламенттің төтенше мәжілісінде наурыз айында болған шектеулерді қайта енгізу туралы шешім қабылданды. Яғни, кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейін коменданттық сағат жарияланды.

Франтишек Сметана, Прага қаласының денсаулық сақтау бөлімінің өкілі:

— Әзірше коменданттық сағат қарашаның үшіне дейін жалғасады. Соған дейін жағдайды тұрақтандыруға күш саламыз. Ал, коронавирус үдей түссе, мерзімі ұзартылады. Тұрғындар шектеулерден жалыққанын түсінеміз, бірақ бұл бүкіл халықтың денсаулығына қатысты мәселе болғандықтан, өзге жол жоқ. Халық түсінікпен қарайды деген үміттеміз. Карантин шектеулеріне қарсылық танытқандар апта сайын Прага орталығында наразылық шаралар ұйымдастырып жүр. Соңғы шеру тіпті полициямен қақтығысқа ұласып кетті. Бұған дейін үкімет кафе-бар және мейрамханаларды, сондай ақ дүкендердің көбісін жапқан болатын. Алайда ол қадам да вирустың таралуын айтарлықтай бәсеңдете алмады. 

Алеш Божен, дәрігер:

— Бүгінде ауруханаларда 150 мыңдай науқас бар. Көбісінде COVID-19 дерті жеңіл түрде өтіп жатыр. Дегенмен, індеттің бірінші толқынымен салыстырғанда вирустың таралуы үдейе түсті. Екі мыңнан аса адам қайтыс болды. Ауруханаларда бос орын жоқ, ал дәрігерлер бірнеше ауысым жұмыс істеуге мәжбүр. Індетке қатысты елде дәстүрлі Рождестволық шаралар да өтпейтін болды. Прага қаласының билігі жаңажылдық жәрмеңке мен мерекелік сахналарды ашпауды шешті. Тек қаланың ескі бөлігінде тұрғындардың көңілін көтеру үшін үлкен шырша орнатылатын болды. Ал бұрынғы жылдары Рождество мейрамын тойлауға Прагаға бүкіл әлемнен бір миллиондай турист келетін.

Авторлары: Александр Грэс, Павел Невид

Ұқсас ақпараттар

Кинотеатрлар 20 миллиард теңге жоғалтты — министр

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar

Қазақстанда газ қымбаттайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.