«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандармен мыңнан астам адам байланыста болған

Атырау облысы Теңіз мұнай-газ кенішінде коронавирус жұқтырғандар 71 адамға жетті. Бұл туралы Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырған жұмысшылармен 1500-ден астам адам араласқан.

Штабтың хабарлауынша, кенішті игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясы 16 сәуірден бастап жергілікті билікпен бірігіп, жұмысшыларды қауіпсіз жаққа көшіре бастаған. Кеніштен шамамен 17 мың қызметкер әкетіледі деп айтылады. Олардың 6 мыңы Атырау облысында тұрады. 2,5 мыңнан астамы — Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалғаны Қазақстанның басқа аймақтарынан келген.

Ресми ақпарат бойынша, қазір 10 мыңнан астам қызметкер эвакуацияланған: шамамен 4 мыңы — ұшақпен, 3 мыңы — пойызбен, 3 мыңнан астамы автобуспен әкетілген. Қалған қызметкерлер 5 мамырға дейін эвакуацияланады дейді штаб өкілдері.

Бұған дейін «Теңізшевройл» компаниясы Теңіз кенішінде кезең-кезең бойынша жұмыс қарқынын бәсеңдетіп, қызметкерлердің санын қысқартатынын хабарлаған. Компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Ырзабек Артығалиев бұл шараны мұнай нарығындағы ахуал емес, коронавирус індетімен байланыстырған.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

admin_mugalzhar

Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем жаңа жылдан бастап 1,5 жасқа дейін ұзартылады

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.