«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Енді қазақстандық жүргізушілерге бірнеше құжат алып жүру керек емес — министр

Енді қазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті. Себебі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз жүргізушілердің өзімен бірге құқық белгілеуші құжаттарды алып жүруге міндеттелмейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік қана болса жеткілікті, сол құжат арқылы планшеттен көлік иесіне қатысты мәліметті, ол көлікке қанша сенімхат жазылғаны, сақтандыру құжаты қашан аяқталатыны, техникалық тексеруден қашан өткені және қанша айыппұлы бары көрінеді», — деді министр Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Тұрғымбаевтың айтуынша, полицейлер қолданатын планшеттер көшелерде орнатылған видеокамералармен байланыста болады.

Министр мұндай жүйенің Еуропаның бірнеше елінде бар екенін айтады.

«Бұл тек Қазақстан аумағында іске асатын норма, басқа мемлекетке барған кезде, әрине, құқық белгілеуші құжаттар болуы керек», — деді министр.

Ұқсас ақпараттар

САҒАТТАП КЕЗЕКТЕ ОТЫРСАҚ, ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.