«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының жанынан «Халықтық бақылау» кеңесі құрылды

Кеңес құрамына қоғамдық ұйым өкілдері, жергілікті және республикалық БАҚ тілшілері, әлеуметтік желі белсенділері мен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі кірді. Оларға ай сайын филиал директоры Тельман Малаев атқарылған жұмыстар туралы есеп беретін болады. Жол сапасына қатысты тексеру барысын да кеңес мүшелері қадағалай алады.

«Қазір Ақтөбе қаласында да, облыс аумағында да жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл алғаш рет қала ішіндегі жол құрылысының сапасын тексеріп жатырмыз. Халық игілігі үшін істеліп жатқан соң, ол халықтың бақылауында болуы керек. Сондықтан қоғам белсенділерін кеңеске шақырдық. Тексерудің жүрдім-бардым жүргізілмей, зертханада сынамалардың қалай жасалып жатқанын көрсін. Олар да өз тарапынан бағасын берсін деген ниеттеміз. Жол құрылысына қатысты кемшіліктер болса бірге анықтап, оны түзетуге бірге ат салысуымыз керек», – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының директоры Тельман Малаев.

Ақтөбе қаласында қазір 97 көшенің жолы жөнделіп жатыр.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы мамандары қала ішіндегі 54 нысанға 127 рет тексеру жүргізген. 24 кемшілік тауыпты. Оны жоюға тапсырыс берушіге ескерту жолдады. 370 сынама алынып, зертханалық бақылау кезінде 77-сі сәйкес келмеді.

Кеңес мүшелері сондай-ақ, орталық жанынан жасақталып жатқан мұражай-көрмемен танысты. Аймақтағы жол саласы мен мамандарына арналған бұл мәдени орынның ашылуы құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңына жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде оқ тиген бес адам ауруханаға жеткізілді

admin_mugalzhar

ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН ЭТНОФЕСТИВАЛЬ

admin_mugalzhar

Поддержка предпринимателей – общая задача

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.