«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

9588 оқушы қашықтықтан оқиды

Аудан бойынша жаңа оқу жылында 12400 оқушы дәстүрлі және қашықтан оқиды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Нұрсұлтанова хабарлады. «Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты 37 білім беру ұйымдары бар. 2020-2021 оқу жылын эпидемиялогиялық ахуалға байланысты 21 мектепті дәстүрлі, 16 мектепті қашықтан оқыту жоспарлануда. Осы 16 қашықтан оқытылатын мектептердің 1-ші сыныптарындағы 1354 оқушы мектепке барып, дәстүрлі әдіспен оқитын болады. Ал қалған 5808 отбасының 9588 оқушысы қашықтан оқытылады», — деді Ғани Батиханқызы. Биыл ауданда 1514 баланың 1 сыныпқа қабылданатыны жоспарланған. Қазіргі таңда 1407 оқушының құжаттары қабылданған. Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартқан болатын.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов отбасылық мерекелер мен тойларда қонақ санын мейлінше шектеуді ұсынды

admin_mugalzhar

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАР БӘЙГЕ АЛАҢЫНДА

admin_mugalzhar

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.