ЕРЕЖЕ
Абайдың 175 жылдығына арналған «Мүшайра» Республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру жөніндегі іс –шаралар кешенін өткізу
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже Жас жазушылар, ақындар, журналистер және еліміздің барлық аймақтарында тұратын 16-29 жас аралығындағы жастардың басқа да санаттары арасында «Мүшайра» республикалық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртібі мен шарттарын реттейді.).
1.2. Байқаудың мақсаты — әдеби шығармашылыққа қабілетті, талантты ақындарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру.
1.3. Конкурстың міндеттері:
— жастарды ынталандыру, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту;
— қазіргі заманғы әдебиет пен қазақ мәдениетін, журналистиканы мемлекеттік тілде кеңінен танымал ету;
— жастардың ақындық мәдениетке, өнерге қызығушылығын арттыру;
— белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу және жас таланттардың шығармаларының мазмұнын қазіргі заманғы мәселелермен байыту;
— жастардың интеллектуалдық дамуы үшін жағдай жасау;
— жас жазушылардың ортасын қалыптастыруға ықпал ету.
1.4. Конкурсты ұйымдастырушылар — «Педагогикалық ғылымдар академиясы» ҚБ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылатын «Абайдың 175 жылдығына арналған «Мүшайра»республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы.
1.5. Осы ереже қатысушылардың конкурстық жұмыстарына қойылатын талаптарды, өтінімдерді ұсыну мерзімдерін анықтайды.
1.6. Байқау қорытындысы 2020 жылдың қазан айында Алматы қаласында шығарылады.
2. КОНКУРС ШАРТТАРЫ
2.1. Байқау ашық түрде өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 16-29 жас аралығындағы жас жазушылар, ақындар, журналистер және басқа да жастар санаттары қатыса алады.
2.2. Байқауға Ұлы Абайдың шығармашылығына қатысты өзі шығарған шығармалар қабылданады: 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 шағын проза (жазушылар үшін). Шығарманың тілі-қазақ/орыс тілдері. Жұмыстар баспа немесе электронды түрде ұсынылады. Байқауға қатысу үшін Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) Конкурс Ережесіне сәйкес өтінім беру қажет.
2.3. Конкурс жеңімпаздары анықталып, оларға орындар (Гран-при, 1 орын, 2 орын, 3 орын) беріледі.
2.4. Жүлделі орындар саны бекітілген (гран-при – бір, бірінші орын – бір, екінші орын – бір, үшінші орын – бір).
2.5. Байқау 2 кезеңде өткізіледі: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі өңірлерде 10 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі; қорытынды кезең 1 қазан – 20 қазан аралығында өткізіледі.
2.6. Іріктеу кезеңі 3 қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) және 14 облыста өткізіледі. Оның нәтижесі бойынша анықталған 3 жүлдегерге республикалық байқауға жолдама беріледі.
2.7 3 қала мен облыстарда байқау жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Филологтар, абайтанушы, ақындар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен журналистер арасынан іріктеу кезеңінде 3 адам, республикалық байқауда 5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Байқаудың қазылар алқасының құрамын байқауды ұйымдастырушылар бекітеді. Қазылар алқасының төрағасы көпшілік дауыспен сайланады.
2.8. Конкурсқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
— конкурсқа ұсынылатын құжаттардың толық пакеті бар өтінімдер ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына тіркелген құжаттармен электрондық пошта арқылы жіберіледі: abaykonkurs2020@mail.ru Сонымен қатар, өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 а, «Педагогикалық Ғылымдар академиясы» ҚБ. Хаттың тақырыбында қатысушының аты-жөні көрсетіледі. Қосымша жөнелтімдер жағдайында хат тақырыбы өзгермейді;
— тақырыбы хакім Абай мен оның шығармашылығына қатысты; өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді;
— мәтіндік құжаттардың форматы: word for Windows 6.0 және одан жоғары нұсқасы Times New Roman № 14 қаріптерін, интервал 1 қолдану қажет;
— жұмыс көлемі: 12-ден 40-қа дейінгі өлең жолдары немесе шағын проза;
— Word for Windows мәтіндік құжаттағы фотосуреттерді jpg немесе PDF форматында қосымша ретінде жіберу қажет;
2.9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 тамызынан бастап тұрақты түрде жүргізіледі. Толық құжаттар пакетімен өтінімдерді Ұйымдастыру комитеті 2020 жылғы 15 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
2.10. 2.9. бойынша көрсетілген күннен кейін алынған өтінімдер қаралмайды және Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
2.11. Конкурсқа жіберілген барлық материалдар кері қайтарылмайды.
2.12. Конкурсқа қатысушылар конкурстарға жіберілген жұмыстарда авторлық құқықтарды (музыканы, фото, мәтіндерді және т. б. заңды түрде пайдалану) сақтауға кепілдік береді және осы мәселе бойынша барлық мүмкін болатын даулы мәселелерді өз бетінше шешуге міндеттенеді.
2.13 Конкурс жұмыстарын ұйымдастырушылар авторлық құқықты сақтауға кепілдік берген жағдайда (Авторға сілтемелерді міндетті түрде пайдалану арқылы) Конкурсты танымал ету мақсатында пайдалана алады.
2.14. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:
— шығарма идеясы және композициялық тұтастығының болуы;
— тілдің стилистикалық және тілдік сауаттылығы;
— әдеби тілінің байлығы;
— тақырыпты дұрыс аша білу;
— шығармашылық даралығы мен бірегейлігі;
— қазіргі заманның өзекті мәселелерін көтере білу;
2.15. Әрбір критерий бойынша бағалау 5 балдық шкала бойынша жүргізіледі.
2.16. Жеңімпаздар жинаған балдардың сомасы бойынша анықталады (ең жоғары мүмкін балл саны-30).
2.17. Ұсынылған жұмыстар жоғарыда көрсетілген критерийлердің әрқайсысы бойынша баллдық баға қою арқылы бағаланады. Әрбір өлшем бойынша бағалар жинақталады және қатысушының қорытынды бағасын құрайды. Ең жоғары қорытынды бағасы бар қатысушылар конкурстың жеңімпаздары болып жарияланады. Бірнеше қатысушының қорытынды бағалары тең болған жағдайда конкурстық комиссия жеңімпазды дауыс беру жолымен анықтайды.
Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі енгізіледі.
Сондай-ақ, қатысушылардың мүдделерін қорғау үшін әрбір қатысушыға реттік нөмір беріледі, олар сондай-ақ нөмірлері бойынша бағаланатын болады. Реттік нөмірлері бар қатысушылардың толық тізімі тек ұйымдастырушыларда болады.
2.18. Конкурс қорытындысы бойынша қарсылықтар, апелляциялар, шағымдар қабылданбайды.
2.19. Конкурсқа қатысудан бас тарту себептері: конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімдері мен регламентін бұзу, үміткердің дұрыс емес мәліметтерді көрсетуі, сондай-ақ оның кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан жеке бас тарту болып табылады.
2.20. Қатысушы Осы Ереже бұзылған немесе конкурстық комиссияға, Ұйымдастыру комитетіне немесе конкурстың басқа қатысушыларына дәлелсіз және дөрекі қарым-қатынаста болған жағдайда конкурстың кез келген кезеңінде конкурстан шеттетілуі және алынып тасталуы мүмкін.
2.21. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты республикалық байқау онлайн жағдайында өтуі мүмкін.
2.22. Байқаудың қорытынды кезеңінде байқауға қатысушылардың онлайн режимінде өткен жағдайда қатысуы және өз шығармасын оқу міндетті.
2.23. Республикалық конкурстың видеосессиясында байқауға қатысушылар мен қазылар алқасының қатысуы міндетті. Байқау видеоға толық жазылатын болады.
2.24. Барлық дипломдар, сертификаттар және алғыс хаттар электронды түрде өтінім қабылданған электрондық мекенжайға жіберіледі.
3. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
3.1. Қазылар алқасы Гран-при, 1-ші, 2-ші және 3-ші орын иегерлерін анықтайды және жеңімпаздарды дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапаттайды:
Жүлде қоры:
— бас жүлде — 500 мың теңге.
— 1 орын — 300 мың теңге.
— 2 орын — 200 мың тг.
— 3 орын — 100 мың тг.
Ескерту: байқау онлайн жағдайында өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қорын ұлғаюы мүмкін.
3.2. Республикалық конкурсқа қатысушылардың өмірбаяндарының ақпараттық жинағы жеке кітаппен дайындалады және шығарылады;
3.3. Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығындарды — оның ішінде конкурс жеңімпаздарын марапаттау өткізілетін жерге, тұру және тамақтану бойынша шығындарды конкурсты ұйымдастырушы көтереді.
3.4. Егер конкурс жеңімпазы марапаттауға өзі келе алмаса, марапат оның шотына аударылады. Марапатты жіберу бойынша шығыстарды конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Байланыс ақпараты:
«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ
Тел: +7 (701) 396-76-71, whatsapp 8776 792 30-01
Электрондық пошта: abaykonkurs2020@mail.ru
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а, «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ
Жас ақындар, жазушылар мен журналистер конкурсына қатысуға өтінім
Аты-жөні (толығымен) | |
Туған жылы | |
Мекен-жайы | |
Оқу/жұмыс орны | |
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстың атауы | |
Байланыс телефоны | |
Электронды пошта | |
Өтініш берген күні |