«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2020-2021 оқу жылы: ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

МЕКТЕПТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛАДЫ

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 16 мектептің 11 061 оқушысы қашықтан оқиды. Ал, дәстүрлі оқитын 21 мектептің 1395 оқушысыүшінмектептердіңбарлығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталатын болады. Аудандық білім бөлімі мамандарының берген мәліметіне сәйкес, дәстүрлі оқитын 21 мектептің сабақ кестесідайындалуда. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтау үшін оқушылардың бір-бірімен кездеспеуі, үзілістерінің сәйкес келмеуі ескерілуі шарт. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептеріне 48 пирометр, 53 бактерицидтілампа, 116 аяқ киімді зарарсыздандыратын кілемше, 2870 спрей антисептикке сұраныс берілген. — Аудандағы қашықтан оқитын мектеп оқушылары Bilimland білім беру платформасы бойынша білім алады. Қосымша білім беру мекемелері  Дарын-Онлайн білім беру платформасымен оқытатын болды. Қазіргі таңда 16 мектеп және 5 қосымша білім беру мекемелері бойынша келісімшарттар жасақталуда. Биылғы оқу жылында 1-ші класқа 1449 оқушы қабылданды, — деді бөлім басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ  ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Ауданмектептерініңбарлығыинтернетжелісімен толықтай қамтамасыз етілген. Оның ішінде кең жолақты 11 мектеп талшықты-оптикалық желі арқылы 100 Мбит/с жылдамдықта қосылған. «Қазақтелеком». «Транстелеком» АҚ-ыұсыныпотырғанқызметтер желіге қолжетімді көрінеді. Осы телекоммуникациялық компанияның ұсыныстарына қарай, ауылдық жерлерде орналасқан 17 мектеп 20 Мбит/с-қадейінжылдамдықтажәне спутниктік желі арқылы шалғай елді мекендердегі 9 мектеп 4 Мбит/с дейін жылдамдықта қосылған. Ал, Қандыағаш, Ембі қаласында орналасқан 10 мектеп және Сағашилі ауылындағы Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі талшықты-оптикалық желі арқылы 100 Мбит/с жылдамдықта интернет таратады. — Аудан мектептерінде қолданыста 1548 компьютер техникасы (1230 компьютер жиынтығы, 598 ноутбук және 40 моноблок) бар. Бір компьютерге 8 оқушыдан келеді. Жаңа оқужылында 950 ноутбук сатып алу жоспардабар. Білімошақтарымұғалімдермен тамыз айының аяғында толық қамтамасыз етіледі. Кадр мәселесі жөнінде ешқандай қиындықтар болмайды, — деді аудандық білім бөлімінің жалпыға бірдей білім беру секторының меңгерушісі Жайнагүл Уаисова.

ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

Жаңа оқу жылына оқулықтар сатыпалуға аудандық бюджеттен 193 467,0 теңге қаражат бөлінді. Мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету үшін «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Бөбек», «Келешек-2030», «Көкжиек-Горизонт», «НИШ», «Алматыкітап», «Қазақ энциклопедиясы», «Едустр», «Оксфорд», «Астанакітап», «Сатр», «Санкари» баспаларымен келісім-шарттар жасалған. Оқулықтарды тасымалдауға  3,210 мыңтеңге бөлінген. — Бүгінгі таңда барлық баспалардан оқулықтардың  85 пайызы келіп, таратылуда. Енді қалған кітаптар тамыздың аяғына дейін Алматы қаласынан жеткізілетін болады. Аудан бойынша кітапхана қорында бар 1-10 сынып оқулықтарын мектеп  кітапханашылары 3 тамыздан бастап таратуда. Бүгінгі таңда 37 мектеп бойынша 100 пайыз оқулықтар оқушыларға  таратылып болды. Электронды оқулықтарға 5,000 мың теңгеге сұраныс беріліп, келісім-шарт жасалды, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Батиханқызы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мектептердегі санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты мектеп асханасы мен буфеттердің қызметі тоқтатылған. Ыстық тамақ уақытша ұйымдастырылмайды.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ЖАМАҒАТ МЕДРЕСЕДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗДОРОВЬЕ — ПРИНЦИП ЖИЗНИ

admin_mugalzhar

7999 теңге: Бір айдан соң Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе арасында FlyArystan ұшады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.