«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Өткен аптада ауданға жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов келді. Сапар аясында Қандыағаш қаласында орналасқан дауыс беру учаскесінің дайындық жұмыстарын қарады. Дауыс беру кезінде заңдылықты толық қамтамасыз етуге, бақылаушыларға жағдай жасауға және санитарлық талаптарды қатаң сақтауға мән берді. Сонымен қатар, Ербол Жеткергенұлы Мұғалжар ауданы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағаларымен және праймеризге қатысып жатқан үміткерлермен кездесіп, праймериздің ел тарихында болмаған үлкен саяси құбылыс екенін, оның толыққанды демократиялық жағдайда өтетінін, үміткерлердің бұл сайлауда жеңіске жетуі үшін сайлауалды бағдарламаларының мықты болуы керектігін жеткізді.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

«Канело» DAZN мен Golden Boy-дан кетті. Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?

admin_mugalzhar

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес

admin_mugalzhar

Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағынан бас тартты

admin_mugalzhar