«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі және Ембі қаласының әкімі Ембі қаласының тұрғындарымен кездесіп, жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Кездесуге Ембі қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері, ардагерлер, жастар белсенділері және жалпы қала тұрғындары қатысты.

Ембі қаласының 32 көшесіне диотты көше шамдарын орнату жұмыстарын мердігер компания «Алихан Ойл-З» ЖШС-і жүзеге асыруда. Толық жұмыстар шілде айының аяғында аяқталып, іске қосылады.

Ембі қаласының №7 мектеп жанындағы интернатына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталатын жөндеу жұмыстарын «Намыс-Құрылыс» ЖШС-і атқаруда.

Қалада 320 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Б.Момышұлы көшесіндегі ұзақ жылдардан бері иесіз болып, бос тұрған көпқабатты №15 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғында жөндеу жұмыстары біткен соң түрлі санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға табысталады. Есет батыр көшесіне орташа жөндеуден өткізу бойынша «Капитал Строй» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды.

Кездесу соңында аудан әкімі Ембі қаласы тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

Шілде айында ыстықтан қалай қорғану керек? – Маман кеңесі

admin_mugalzhar

ОПМ «УЧАСТОК»: ВЫЯВЛЕНО 120 НАРУШЕНИЙ

admin_mugalzhar

17,7 мың отбасы өткен жылы неке бұзды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.