«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

«Арманыңа қол жеткіз» атты жас кəсіпкерлерге арналған облыс əкімі гранты жобасына қатысқан мұғалжарлық Алихан Жұбандықов 1 млн 500 мың теңге ақшалай грантын иеленді. Қайыңды ауылының тумасы Алихан «Азия Қорғау» ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс жасайды. «Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасынан «Арманыңа қол жеткіз» жобасын көріп, бағымды сынайын деп шештім. Мал басын өсіру, сүт өнімдері арқылы халықтың денсаулығын көтеру, жұмыссыздықтың алдын-алу, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатындағы «Ауылшарушылығын дамыту — басты бағыт» жобасын жазып, нәтижесінде міне, грантқа қолым жетті, — дейді Алихан Жұбандықов.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

admin_mugalzhar

СМЕРТЕЛЬНОЕ ДТП С УЧАСТИЕМ КАРЕТЫ СКОРОЙ ПОМОЩИ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН ЖЕКЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar