«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІ

2021 жылға дейін жалғасатын жемісті жоба — «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бүгінде бұқараның ыстық ықыласына ие. Мұғалжар ауданында осы бағдарлама арқылы тұрақты жұмыс тауып, тұрмысын түзеген тұрғындар саны артып келеді. Жыл басынан бері мемлекет ұсынған 200 АЕК (555 600 теңге) көлеміндегі мемлекеттік грантқа 103 мұғалжарлық ие болды. Оның ішінде 20 адамға жергілікті бюджеттен, 58 адамға облыстық бюджеттен, 25 адамға республикалық бюджеттен берілді.

Сонымен қатар 7 мүмкіндігі шектеулі жандар (оның ішінде І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері) мал шаруашылығын дамытуды қолға алса, 2 пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға мал шаруашылығы дөңгелек жөндеу құрылысына грант берілді. 9 көп балалы аз қамтылған отбасы яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ірі және ұсақ мал, жылқы шаруашылықтарына, жартылай даярланған өнім, әсемдік салоны, кондитерлік өнімдерге, 7 көп балалы отбасы мал шаруашылығы, кондитерлік өнім, тігін шеберханасына, басқа да санаттағы ынталы азаматтарға экоқуыршақ, халал жартылай дайындалған өнім, ірі және ұсақ мал шаруашылығы, шар әлемі, шеберхана, ағаштан жасалған ұлттық бұйымдар, қазақи нақыштағы қыз жасауы жаңа бизнес идеяларын қолдау мақсатында мемлекеттік гранттар берілді.

Ұқсас ақпараттар

18 наурызда еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

Міндетті вакцинациядан өтпегендерді 15 шілдеден бастап тексермейтін болды

admin_mugalzhar

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.