«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда 42 500 теңге өсуі мүмкін

Қазақстанда карантин салдарынан жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемді көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Инфрақұрылымдық жобалар есебінен жұмыс орындарын сақтау және құру, жұмыспен қамту жол картасын жалғастыру бойынша шаралар қабылданады. «Еңбек» бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қысқартылған жұмысқа көшу кезінде өтемақы не жалақының бір бөлігін ең төменгі бір жалақы деңгейінде субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмысынан айырылған кезеңде төлемді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу жоспарда бар», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Еске салайық, мұның алдында министр коронавирустың екінші толқыны болса, қанша адам жұмыссыз қалатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирустың екінші толқыны болса, 4 миллион адам жұмыс режимін сақтап қалуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — ДӘРІПТЕЛДІ

admin_mugalzhar

КТО ПОЛУЧИТ ПОМОЩЬ ИЗ ФОНДА?

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.