«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

i-balaqai жобасының эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова ата-аналарға қашықтан оқыту кезінде балаларға күйзелісті жеңуге көмектесу бойынша практикалық кеңестер береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес — «ВКонтакте» әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир әр бейсенбі сайын сағат 20:00-де шығады.

Бүгін, 24 қыркүйекте, сағат 20.00-де Tengri TV YouTube-каналынан қараңыздар. Маман «Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек?» тақырыбын қозғайды.

Сандуғаш Құдайбергенова — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы және «Балажан» балабақшасының психолог-консультанты.

Эфир қонағы 2020 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталған.

Жүргізуші — журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. I-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің «ВКонтакте» және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Ұқсас ақпараттар

Бала COVID-19 жұқтырған жағдайда не істеу керек?

admin_mugalzhar

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

admin_mugalzhar

Балаларға арналған инклюзив білімнің артықшылығы неде?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.