«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылып, ескерткіш тақта орнатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саябақтың ашылуына Қазақстанның Түркиядағы елшілігі бастамашы болғаны айтылады. Саябақтың ашылу рәсімінде Абайдың белгілі өлеңдері мен әндері шырқалды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ашылу салтанатында сөз алған Мұратпаша ауданының мэрі Умит Уйсал Абай Құнанбайұлының саябағына иелік ету қазақ және түрік халықтарының рухани және мәдени жақындығын көрсететін маңызды оқиға екенін атап өтті. Абай есімі — түркі әлемін біріктіретін ұлы есімдердің бірі деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,8 млн гектар жерге егіледі

admin_mugalzhar

ЖОСПАР: 281 500 ШӨП ШАБУ

admin_mugalzhar

Министр Жұбанов университетінде дәріс оқыды

admin_mugalzhar