«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Головкиннің келесі жекпе-жегі нақты қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN-ге сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

DAZN жұма сайынғы бокс шараларының сериясын жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Өйткені жыл соңына дейін Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фьюри де рингке шығатындықтан шоу өткізу кестесі өте тығыз.

Айта кетейік, GGG 2019 жылы қазанда төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгелі бері рингке шыққан жоқ. Ал осы жекпе-жектің андеркартында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген еді.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМІЗДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАҒЫ БІР ТІЛДІ БІЛУГЕ МІНДЕТТЕЛДІ

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект әскерде кеңінен енгізбек

admin_mugalzhar

Ақтөбеде керамогранит және қыш плиталарын өндіретін зауыт ашылды

admin_mugalzhar