«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Венецияны енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды

Италияның Венеция қаласын енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені өткен күні туристік шаһарды теңіз суының толуы мен толқындардан қорғайтын электр-механикалық бөгет сынақтан сәтті өтті. Қорғаныш бөгет 130 сантиметрге көтерілген суды қалаға қарай өткізбеді. Айта кетейік, Венеция шаһарын судан қорғауға арналған бұл нысанның құрылысы 2003 басталып биыл жаз айында аяқталған. Ол 3 метр биікке дейінгі судан қорғауға есептелген. Ал ресми дерекке қарағанда, Венецияда ең ірі су тасқыны 1966 жылы болған екен. Ол кезде теңіз суы 2 метрге дейін көтерілген.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жолақы: бағаны реттейтін нарық

admin_mugalzhar

Фтизиопульмонология орталығында 197 адам ем алып жатыр

admin_mugalzhar