«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҒАРТУ ІСІНДЕ ІЗІ ҚАЛҒАН …

Ықылым заманнан шоқтығы биік саналатын ұстаздық қызметті серік еткен Бақытжан Тыныштықұлов Мұғалжар өңіріне танымал ұлағатты ұстаз болатын. Ағартушылық саласында елеулі еңбек еткен ол, өзінің ұстаздық жолында айрықша еңбегімен дараланып, ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқытумен қатар, тәрбиелеу ісіне арнады. Шәкіртінің жанына нұр құя білген Бақытжан ұстаздың өмірі — бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге.

Жастайынан білімге құмар болып өскен Бақытжан Жұмаұлының балалық шағын сұм соғыс ұрлады. Ол өзінің «Осының бәрі мен туралы» атты кітабында: «Біздер оқулықсыз, дәптерсіз оқыдық. Оқу құралдарымыз жоқ. Көне кітаптар мен газеттердің бос жолына жазу жазып үйрендік. Кім бұрын тақтадағы жазуды жаттап алса, сол үйіне ерте кетеді. Мен түске дейін 2-3 өлеңді жаттап алатынмын. Көркемжазу сабағында қаламсапты кезектесіп ұстап, әдемі әріптерді тізіп жазатынбыз. Үзіліс кезінде бізге ағайымыз шырпының қорабындай болып кесілген қара нан үлестіреді де, жеп бітіргенімізді бақылап тұратын. Мен нанның жартысын тығып қалып, інім Сәкенге беретінмін. …1945 жылы 2-класта оқып жүрген кезім. Ағай келді де «Балалар соғыс бітті. Біз жеңдік», — деді жарқын дауыста. Біз уралап, мәз-мейрам болдық. Сол күні сабақтан ерте қайтқанбыз», — деп балалық шағынан естелік жазды. Бақытжан Жұмаұлы 1936 жылы Темір ауданы Ел-Қандыағаш ауылында дүниеге келді. 1944-1951 жылдары жеті жылдық мектепті бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1955 жылы училищені бітіріп Ақтөбе педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетінде оқиды. Институтты бітірген кейін Қандыағаш станциясындағы өзі оқыған мектепте алғаш еңбек жолын бастайды. 1962 жылы қоғамда жаңа басқару жүйесі қалыптасып, өндіріс аудан орталығы Қандыағаш қаласына көшірілген кездерде мектеп оқушыларына және пионер ұйымдарына жетекшілік ететін бөлімге меңгерушілік қызметкетағайындалады . Ауданның қоғамдық өміріне етене араласқан ол, 1964 жылы партия комитетінің қызметіне тағайындалады. 1966 жылы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектепте, 1978 жылы Никельтау бекетіндегі орта мектепте, 1 9 8 1 — 1 985 жылдары Қайыңды орта мектебінде директорлық қызметте болды. Ол 1985 жылы атқару комитеттің төрағасы қызметіне сайланады. Ол өзіне жүктелген барлық қызметті абыроймен атқарды. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден ерекшелендіріп тұратын. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы көптеген жандар үшін үлгі болды. Ол өз кітабында ұрпақ тәрбиесі жөнінде: «Жасөспірімді, жеткіншекті, ұрпағыңды, балаңды, немере-шөберелеріңді оқыту, білімге үйрету, мамандыққа баулу, өнегелі тәрбиеге жеткізу, қатарынан кем қылмау, басқаларға үлгі болардық дәрежеге жеткізу — үлкен талапты іс, жүйелі жұмыс, еш уақытта естен шықпайтын жауапты міндет. Сөзіңнің де, ісіңнің де ықпалын аңғарып, төзімділік пен шыдамдылықты көрсете білу, жалғандық пен жасандылықты жолатпай, ой өрісіңді жоғары, кең ауқымды ұстауға тура келеді. Отбасы тәрбиесінің негізі — ерлізайыптылардың сүйіспеншілік одағы» деп жазды. Бақытжан Тыныштықұловтың өмірлік серігі Мәлика Темірғалиқызы да білім беру саласында ұзақ жылдар қызмет атқарды. — Менің анам Мәликаның негізгі мамандығы теміржолшы болатын. Алайда, ол өз мамандығын өзгертіп, білім саласына ауысты. Ұзақ жылдар мектеп интернаттарында оқушылардың тәрбиесімен айналысты. Анамның мамандығын ауыстыруына әкемнің ұстаздық қызметі ықпал еткен болар. Олар 50 жылдан астам уақыт мағыналы ғұмыр кешті. Олардың бір-біріне деген ыстық ықыласы біздерге өмірлік өнеге болды, — дейді қызы Айгүл Тыныштықұлова. Бүгінде Ахмет Жұбанов атындағы балалар саз мектебіндеқызметатқаратын үлкен қызы Айгүл Бақытжанқызы республикалық байқаулардың бірінде «Үздікұстаз» атағын жеңіп алды. Әке аманатын әрдайым биік ұстайтын АйгүлБақытжанқызы дайындаған шәкірттер әрісі, халықаралық, берісі, республикалық ән байқауларында жүлделі орын алып жүр. Сондай-ақ ол қазақ өнерімен қатар, аудан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Ата-анаданмұра болған мамандықты жалғастырған әулеттің екінші қызы Олива Тыныштықұлова 1987 жылы Украинаның Черкасск қаласындағы Черкасскмемлекеттікпедагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті факультетін үздік бітірді. Өзінің еңбек жолын тәлімгерденбастап, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілді. 39 жыл ұстаздық еткен Олива Бақытжанқызы әкеден оза туып, педагогикағылымдарының кандидаты атанып, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» және «Д.Қонаев» медалінің иегері болды. Ұстаздықты азық еткен мәуелі бәйтеректің бүгінгі ұрпағы, яғнинемерелеріде білім беру саласында қызмет атқарады. Жақындарының өміріне жол сілтер шамшырақ бола білген Бақытжан Жұмаұлының соңынан ерген қос қарындастары Мүслихан мен Зайнаб та ұлағаттыұстаздар. Мүслихат Жұмақызы Қандыағаш қаласында №1 орта мектебінде ұзақ жылдар директорлық қызмет атқарды. Жоғары санатты мұғалім. ҚР «Білім беру ісінің үздігі». 1998 жылы аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды.Бүгінде зейнетте. Ол «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, қаншама дарынды жастардың білім айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін аямады. Бақытжан Тыныштықұловтыалғашқыұстазыдеп санайтын балдызы КүндариғаШайкөзовамұғалімдік мамандығынтаңдауғажездесінің ықпалының зор болғанын айтады. — ЖездемБақытжанмен әпкем Мәлика үйленген жылдары біз кішкентай бала болатынбыз. Олар үйге қыдырып келетін. Сол кездерде жездем есікті тақта қылып, біздің сауатымызды ашып, сабақ үйрететін. Сырт келбеті мен іс қимылынақарапотырып, қатты қызығатынмын. «Мұғалімболсамғой» деп армандайтынмын. Менің мұғалім болып қалыптасуыма жездемнің ықпалы зор болды. 1968 жылы Ақтөбе педогогикалық институтын бітіріп, алғаш еңбек жолымды Қайыңды ауылындағы мектептен бастадым. Ұстаздық қызметті 43 жыл атқардым. Осы жылдар аралығында Бақытжан аға маған білім беру методикасында көп көмектесіп, ақыл-кеңестерін айтып отыратын. Оның айтқан әрбір сөзіне мән беріп, зер салып тыңдайтынмын. Одан жаман болмадым. Сіңлілерім Мәдина мен Мәрзия да ұстаздықты таңдап, білім беру саласында сүбелі еңбек етіп, бәріміз де зейнеткерлікке шықтық. Бүгінде үлкен дәрежеге жетсек, оны Бақытжан ағамның, яғни алғашқы ұстазымның арқасы деп білеміз, — дейді ол. Мұғалім тәрбиесі мен өнегесі — оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Бақытжан Жұмаұлының тәрбиелеген шәкірттерібүгіндебірелдің тұтқасын ұстауға жараған ел ағалары. Бақытжан Тыныштықұлов мұғалімдікпен қатар спортты да қатар алып жүрді. Үнемі салауатты өмір салтын ұстанатын зейнеткер ұстаз, жеңіл атлетикамен айналысып, велоспортты жанына жақын тұтты. Ол зейнетке шығып, жасы жетпіске таяған шағында ауданда өткен егде жастағылар арасындағы марафонға қатысып, өзінің әлі де тұғырдан түспегенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ, ол өнер десе ішкен асын жерге қоятын. Студенттікшақтарындаүрмелі аспаптар оркестрінде өнер көрсетіп, альф кернейде шебер ойнаған. Ол 1997 жылы зейнеткерлік демалысқа шығып «Нұртай» мешітінде наиб имам қызметін атқарып, ондықтың мүшесі болды. Мұсылманның парыздарын түгел орындап, қажылыққа барды. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелейтін бірнеше діни кітаптарды құрастырып, жарыққа шығарды. Оның «Аллаһ адам баласын босқа жаратпаған» атты кітабында жет бетіндегі ең таза дін ислам діні екенін, Құранның барлық ілім мен ғылымының бастауы екеніннасихаттып, жастарды жақсы істерге үндеді. Ал «Осының бәрі мен туралы» және «Мои жизненные советы» атты кітаптарында естеліктер жазып, басынан өткен қиын кезеңдерін баяндап, өмірлік тәжірибесінен жастарға бағыт-бағдар беретін сүбелі ойларын ортаға салып, рухани бай болып, адал еңбек етуге, мағыналы өмір сүруге шақырды. Саналығұмырынағартушылыққа арнаған ардагер ұстаз биыл ғана 84 жасқа қараған шағында оралмас мәңгілік сапарға аттанды. Әйтсе де, «ғалымның хаты өлмейді» демекші, олұстаз ұлағатының ұшқыны ешқашанда өшпейтінін сөзбен емес, нақты істері арқылы көрсетіп кетті.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

15 қараша – төл теңгеміздің күні

admin_mugalzhar

«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.