«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр 3 сценарийді атады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус эпидемиясының өсуінің үш сценарийін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, Қазақстанда эпидемияның өсуі үш сценарий бойынша жүруі мүмкін, оны түзету апта сайын жүзеге асырылады.

«Пессимистік сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, 2020 жылғы қазан-желтоқсанда тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды. 65 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Желтоқсан айының ортасына дейін локдаун енгізуді болжап отырмыз.

Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету шараларын және 70 пайыздық маска режимін қамтамасыз ете отырып, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында болжамды жағдайлардың саны 90 мың адамды құрайды. Ауруханаға 30 мың адам жатқызылады. Локдаун қаңтарда енгізіледі деп болжануда.

Егер біз маска режимін 100 пайызға қамтамасыз ете отырып, қашықтықты сақтау ережелерін сақтайтын болсақ, науқас орнының максималды сыйымдылығы 70 пайызға жеткенде қатаң карантинге жүгінудің қажеті болмайды. Осы оптимистік сценарий бойынша 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды, 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді», — деді Цой коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Ұқсас ақпараттар

Түтінсіз темекіге тәуелділер саны артып барады

admin_mugalzhar

Тоқаев Жаңа Қазақстанның мағынасын айтты

admin_mugalzhar

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.