«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АҚТӨБЕ-ҚАНДЫАҒАШ» ТАС ЖОЛЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Ақтөбе-Атырау» бағытындағы республикалық тас жолдың 52-ші шақырымынан бастап Қандыағаш қаласына дейінгі жолды асфальттау жұмыстары басталды. Асфальттау жұмыстарын «Ассана дорсторй» мекемесі жүргізуде.
Мамандар төселген асфальттың әр қабатына ерекше мән беріп, технологияға сай жұмыс жүргізуде.
Ақтөбе мен Атырауды жалғап тұрған тас жолдың жаңаруына 6 мердігер компания жұмылдырылған.

Ақтөбеден Қандыағашқа дейінгі аралық 89 шақырымды құрайды. Аумақ 2 учаскеге бөлінген. Жобаға сәйкес екі араның жолы бірінші санатты 4 жолақты ені 18 метр болады.
«Жол активтерінің сапасын бақылау орталығы» мен тапсырыс беруші «Қазавтожол» компаниясының Ақтөбе облыстық филиалы жолдың құрылыс жұмыстарының сапасын бақылап, қадағалап отырады.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 3,5 мың ауылдың әлеуеті жоғары

admin_mugalzhar

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

admin_mugalzhar

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.